Жолболды округіне қарасты Шұға ауылында су құбыры іске қосылып, таза ауызсу берілді. Осылайша, жергілікті тұрғын-дардың көп жылдан бері көтеріп жүрген мәселесі шешіліп, көптен күткен арманы орындалды.
Аудан басшылығы су сапасын өз бақылауларында ұстап, тұрғын үйлердің жағдайын тексеріп шықты. Олардың сөзінше, Шұға ауылындағы су жүйесінің сапасы толықтай талапқа сай. Ауыл тұрғындары мұндай өзгерістерді ұзақ күткенін, енді таза суға қол жеткізгендерін айтып, қуаныштарын білдіруде.
Құрылысқа жауапты «АрАИ-НС» мердігер компаниясы жобаны белгіленген мерзімде бастап, аяқтады. Су құбырының құрылысына 247 млн теңге жұмсалған.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.