Агрокеңес өтті

Ақп 20, 2025

Аудан орталығында агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік қолдау шаралары және көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындық мәселелері бойынша агрокеңес өтті.

Агрокеңеске облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары, қаржы институттарының, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, минералды тыңайтқыштарды, пестицидтер мен тұқымдарды жеткізушілер, сондай-ақ, ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарының жетекшілері қатысты. Аталған жиында жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бірқатар маңызды сұрақтар көтеріліп, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштар тасымалдаушы фирмалардың өкілдері өндірілген дақылдардың қажеттіліктеріне сәйкес тыңайтқыштардың құрамын таңдау мүмкіндігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

WhatsApp