Биыл белгілі ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы Ермұхан Бекмахановтың туға-нына 110 жыл. Ол өзінің қысқа ғұмырында талантының, сарқылмас қайратының жəне туған халқының тарихына деген зор сүйіспеншілігінің арқасында ғылымға елеулі үлес қосып, есімі халық жадында мəңгі сақталады. Бұл — кез келген ғалымға, əсіресе тарихшыға беріле бермейтін сый.
Жуырда Ермұхан Бекма-ханұлының мерейтойына орай Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде қалалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.
Ғылыми жиынның алғашқы сөзі Ермұхан Бекмаханов атындағы өлкенің тарихы мен этнография ғылыми-практикалық орталығының директоры, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Амантай Құдабаевқа берілді. Ғалым өз сөзінде белгілі тарихшының өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті.
— Бүгінгі күні тарихшылар, студенттер және зерттеушілер үшін Бекмахановтың мұрасы аса бағалы. Биыл республикада тарих ғылымында ерекше орны бар Ермұхан Бекмахановтың туғанына 110 жыл. Бұл дата тарихымызды зерттеушілер үшін маңызды тарихи кезеңдердің бірі болып саналады. Мерейтой аясында ғылыми конференциялар мен еске алу іс-шараларын өткізу жоспарлануда, бұл тарих-шының еңбектерінің мәнін арттырады және жастар арасында тарихқа қызығушылықты міндетті түрде күшейтеді, — деді ол.
Жиын соңында Ермұхан Бекмахановтың 110 жылдық мерейтойына арналған конференция барысында баяндама жасаған студенттер мен оқушылар марапатталды.
Айдана БОРАНБАЕВА.
Суретті түсірген – Есенжол Исабек.