Жаңа жоба басталды

Ақп 27, 2025

Железин ауданында «Ауыл округтеріндегі әлеуметтік блок күндері» атты жаңа жоба басталды. Аталмыш бастама аясында ауданның осы салаға жауапты қызметкерлері елді мекендерде тұрғындардың талап-тілектерін тыңдауға барады.

Яғни, аудан билігі осылайша ауыл тұрғындарына әлеуметтік қызметтерді қолжетімді ету және маңызды мәселелерді барынша тез шешуді көздейді. Мұнда әлеуметтік қызмет көрсету мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізсе, бірінші басшылар азаматтарды жеке қабылдайды. Аудан әкімінің әлеуметтік мәселелеріне жауапты орынбасары Райхан Усина бастаған әлеуметтік блокқа жататын бөлім басшылары тұрғындардың сұрақтарына жауап беруде. Әлеуметтік блок күндері жобасының құрамында аудандық білім, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімдерінің, мансап орталығының басшылары, аудандық аурухананың бас дәрігері ауылдықтардың бұйымтайын тыңдап, кеңес береді.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.