Дайындық жұмыстары мығым

Ақп 27, 2025

Екібастұз қаласы мен оған қарасты ауылдарда су тасқынының алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, су басу қаупі бар елді мекендер, су өткізу құрылғылары, лимандар мен қар шығару ісі ерекше бақылауға алынды.

Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім мен жергілікті атқарушы орган өкілдері бірлесіп техниканың әзірлігін тексерді. Мамандар су тасқынының салдарын жоюға арналған техниканың жай-күйін, сондай-ақ ықтимал су тасқынынан қорғау құралдарын орнату мен нығайтуға қажетті инертті материалдардың болуын тексерді.

Барлығы түрлі модификациядағы 80-нен астам техника, 20-дан астам су айдау құралдары дайындалды. Бұл ретте негізгі міндет құтқару және коммуналдық қызметтердің дайындық деңгейін арттыру, ауа райы жағдайларының мониторингін күшейту және су тасқыны кезінде жедел ден қою үшін қосымша ресурстар дайындау болып отыр.

Екібастұз өңірінде автомобиль жолдарында су өткізетін 43 нысан бар. Оларды наурыз айының екінші жартысында ашу жоспарланған.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.