Алдымызда келе жатқан 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай облыс орталы-ғында тұратын көпбалалы аналарға бірреттік ақшалай қолдау көрсетілмек.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілдерінің айтуынша, аталған көмек қаладағы барлық көпбалалы анаға бірдей бұйырмайды. Өкілетті органдардың шешімі бойынша мерекелік ақшалай сыйақы төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған, яғни көпбалалы әрі атаулы әлеуметтік көмек алатын (АӘК) аналарға ғана берілмек. Бірреттік төлемнің мөлшері 5 айлық есептік көрсеткішті (19 660 теңге) құрайды.
Атап өтерлігі, қазіргі таңда Павлодар қаласында атаулы әлеуметтік көмек алатын 700-ден астам көпбалалы ана бар. Көп кешікпей олардың барлығының есепшотына мерекелік төлемдер жіберілетін болады.
Н.ШОДЫР.