Теміржол жөндеуден өтеді

Ақп 27, 2025
MURMANSK, RUSSIA - JUNE 8, 2020: Workers are seen at the construction site of a new railway which will bypass the collapsed bridge between the railway stations of Vykhodnoi and Murmashi, Murmansk Region, north-west Russia. The bridge collapsed on 1 June. From 31 May, freight trains heading for the Murmansk transport hub were suspended. Engineering troops specialists of the Western Military District of the Russian Armed Forces, servicemen of the railway mechanisation battalion of the Western Military District, and employees of the Yamaltransstroi and RZD Russian Railways companies have been deployed for the construction works. Lev Fedoseyev/TASS Россия. Мурманск. Рабочие во время строительства резервной ветки железной дороги, идущей в обход обрушившегося моста, между станциями Выходной и Мурмаши. Обрушение моста произошло 1 июня. С 31 мая отправка грузов в направлении мурманского транспортного узла запрещена. В строительстве принимают участие подразделения инженерных войск общевойсковой армии Западного военного округа, военнослужащие железнодорожного батальона механизации Западного военного округа, сотрудники компании "Ямалтрансстрой" и подразделения ОАО "РЖД". Лев Федосеев/ТАСС

Биыл Павлодар облысында 200 шақырымнан астам теміржол рельстері жөнделеді. Оның ішінде 59 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтпек.

Күрделі жөндеу жұмыстары «Еркеншілік-Едіге», «Сороковая-Сары-Оба» учаскелерінде, «Ақсу-1-Ақсу-2» және «Спутник-Бастау» учаскелерінде жоспарланған. Сонымен қатар, Қазақстан теміржолы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Екібастұз-Северный-1» және «Екібастұз-Северный-2» стансаларында орташа жол жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Мұнда бес шақырымнан астам теміржол жолы жөнделмек. Бұдан басқа, «ОП-116-Шідерті» учаскесінде рельс тірегі толығымен ауыстырылып, 15 мыңнан астам темірбетон шпалдары төселеді. Сондай-ақ, 70 бағыттама бұрмалардың жиынтығы ауыстырылады.

Ағымдағы жылы ауыр жүк көліктерінің көмегімен 150 шақырымнан астам теміржол жолдарының жағдайы жақсарады. Сондай-ақ, павлодарлық теміржолшылар жолды және бағыттама бұрмаларын қалыпқа келтіру және тежеу жұмыстарын жүргізеді.

Алтынбек МҰҚЫШЕВ.