«Жол активтерінің сапасы» ұлттық орталығының Павлодар облыстық филиалының мамандары 500 шақырым жолдың жай-күйін тексерді. Нәтижесінде, облыстық және аудандық маңызы бар 43 жол жобасына, сондай-ақ, ауылдық елді мекендердегі 160 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында анықталған ескертпелерді жою үшін тапсырыс берушілер мен Мемлекеттік құрылыс комитетіне 110 өтініш жіберілді. Жалпы, өткен жылы мердігерлер 5 мың шаршы метрден астам осындай аумақты қалпына келтірді.
— Облыстық филиал мамандарымен 957 тексеріс жүргізіліп, жол-құрылыс материалының 2750 сынамасы алынды, оның 8 пайызы стандарттарға сәйкес келмеді. Тексеру барысында 168 ақау мен 107 жұмыс технологиясының бұзылуы анықталды, — деді филиалда.
Алтынбек МҰҚЫШЕВ.