Биыл Қазақстан халқы Ассам-блеясының құрылғанына 30 жыл толмақ. Аймағымызда айтулы мерейтойға арналған іс-шаралар осы айда басталады деп жоспарлануда. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында сөз болды.
Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Әлнұр Сейдумановтың айтуынша, наурыз айының басында өңірімізде және республика деңгейінде бірқатар мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Атап айтқанда, ел бірлігі, халықтар достығын насихаттауға бағытталған дөңгелек үстел отырыстары өтеді. Әлеуметтік жобалар жүзеге асады. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасыларын қолдауға және азаматтарға қайырымды іс жасауға арналған «Қайырымдылық керуені» акциясы басталмақ. Облыс орталығындағы Достық үйінде ескерткіш тақта ашылып, Ассамблея ардагерлеріне құрмет көрсетіледі. Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары аймақ тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынады. Бұдан бөлек, перзентханалардағы жаңа туған сәбилерге сыйлықтар берілмек. Бастысы, мерекелік іс-шаралар қалалармен қатар, аудандарда да қолға алынатын болады.
— Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өту тұжырымдамасы бойынша 1-15 сәуір аралы-ғында өңірлік Ассамблеялардың кеңейтілген кеңестері өткізіледі. Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы болады. Мамырдың 1-31 күндері аралығында облыс әкімдерінің төрағалығымен өңірлік Ассамблеялардың сессия-лары жоспарлануда. Онда XXXIV сессияның шешімдерін жүзеге асыру, Мемлекет басшысының мерейтойлық сессияда берген тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланады, — деді Әлнұр Серікұлы. Сондай-ақ, ол Ассамблеяның 30 жылдығын атап өтуге арналған республикалық және облыстық жоспарлар негізінде аймақта бірыңғай іс-шаралар күнтізбесі әзірленгенін де атап өтті. Сол бойынша мерейтойлық іс-шаралар айларға жалғасады деп жоспарлануда. Мәселен, сәуір айында «Халықтың бірлігі — өркендеудің негізі» атты облыстық этникалық мәдени фестиваль байқауы мен «Бірлік әралуандылықта» атты жоба ұйымдастырылмақ. Мамыр айында патриоттық тақырыпқа басымдық беріліп, ашық алаңдарда мәдени-спорттық шаралар өтеді. Маусым-шілде айларында балаларға арналған экологиялық бағдарламалар, концерт-
тер мен спорттық шараларға көбірек басымдық берілмек. Тамыз айында ағартушылық жұмыстар, ашық есік күндері ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасыларының балаларына көмек көрсетіледі. Қыркүйек айында республикалық «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы басталады. Қазан айында ақсақалдар кеңесінің ұйытқы болуымен «Батамен ел көгерер» байқауын өткізу жоспарлануда.
Осылайша, 25 қазан — Республика күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар қорытын-дыланып, этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері мен ардагерлері марапатталады.
Нұржайна ШОДЫР.