Игі істе белсенді

Сәу 10, 2025

Аққулы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елді мекен көшелері қоқыстан тазартылуда.

Өткен сенбіде Аққулы ауылының тұрғындары Иванов көшесін ретке келтірді. Аққулы ауылының әкімі Дастан Бейсенбаевтың айтуынша, аудан орталығындағы сенбілікке жалпы саны 150 адам қатысты. Бұл ретте қураған талдар кесіліп, көше бойы тазартылды. Жалпы көлемі 180 тонна қоқыс сыртқа шығарылды.

— Өткен аптада аудан орталығындағы үлкен көшені ретке келтірдік. Әр сенбі сайын экологиялық акция аясында барлық көшені қоқыстан тазартатын боламыз. Бастысы, тұрғындардың белсенділігі жоғары. Ең бірінші кезекте халық көп жиналатын демалыс орындары, саябақтар, балалар ойын алаңдарының аумағы тазартылады, — дейді Дастан Серікұлы.

А.ҚУАНЫШЕВА.