Бекеттер дайын ба?

Сәу 24, 2025

Жазда өрт шығу қаупі артатыны белгілі. Сондықтан, жауапты органдар қолда бар құралдарын, техникаларын сайлап, дайындығын пысықтайды.

Жуырда облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері Тереңкөл ауданындағы 7 өрт сөндіру бекетінің жай-жапсарын тексерді. Бұл бекеттер ауданның Байқоныс, Песчан, Томарлы, Жаңақұрылыс, Алтай, Октябрьск және Жаңабет ауылдарында орналасқан.

Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің мәліметінше, дайындықты пысықтау шаралары алдағы маусымда елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған. Бұл ретте, өрт сөндірудің бастапқы құралдарының бар-жоғы, дұрыстығы, ақаусыз екендігі тексерілген. Қызметкерлердің арнайы киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтылуына да назар аударылды. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі, өрт кезінде әрекет етудің алгоритмін білу тұрғысында оқу жүргізілді. Сондай-ақ, шартты түрде тұтанған өртті сөндіру арқылы практикалық дағдылар да көрсетілді. Тексеру нәтижесінде жиынтықтау, құжаттама жүргізу бойынша кемшіліктер анықталды. Бекеттердің жетекшілеріне ұсыныстар жолданды.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.