Сумен қамту 100 пайызға жетеді

Мам 2, 2025
Photo Valeriy BUGAYEV

Облыс әкімі Асайын Байханов Абай облысының орталығы — Семей қаласында Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен өңірлік даму жөніндегі жиналысқа қатысты.

Аймақ басшысы облыстың 2024 жылғы және 2025 жылдың экономикалық даму нәтижелері туралы баяндады.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика бар. Өңірге 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалуда. Бұл ретте инженерлік инфрақұрылым жобалары басым. Айталық,

30 шақырымнан астам жылу желілерін күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Сол сияқты Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында

6 жылу магистралін салу жоспарланған.

Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары да жалғасуда. Бүгінгі таңда ауыл халқының 99,1 пайызы таза ауызсумен қамтылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірді дамытуға және оның тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға қатысты барлық тапсырмасы сапалы және уақытылы орындалуда. Облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Өз тілшіміз.