Жақында Халықаралық отбасы күніне орай «Достық үйінде» фестиваль өткізілді. Шара барысында Ертіс өңірі этностарының мәдениеті мен ұлттық дәстүрлері арқылы қазақ халқының салт-дәстүрі кеңінен танылды.
Қалалық жалпы білім беру мектептері мен этномәдени бірлестіктер отбасылық құндылық-тарға негізделген қойылымдарды көртсетіп, өнерлерін паш етті. «Отбасы – тәрбие іргетасы» фестивалі «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Салауатты сана» республикалық жобалары, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында облыстық «Аналар кеңесі» ұйымы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолдауымен жүзеге асты.
– Фестиваль екінші жыл қата-рынан өткізіліп келеді. Өткен жылы қазақ елінің салт-дәстүріне терең үңілсек, биыл барлық этномәдени бірлестіктердің әдет-ғұрыптарын біріктіріп отырмыз. Шара бала тәрбиесіне негізделген. Неге десеңіз, жақында ел Президенті әсіресе өскелең ұрпақтың тәрбиесіне мән беру керек екенін атап өткен. Осы орайда, бүгінгі жиынға 11 мектеп қатысып отыр. Неміс, кәріс, қырғыз, шешен ұлт өкілдерінің мәдениетін тани отырып, тәрбиелік маңызын алға қоюды көздедік. Жыл бойы түрлі елдің мәдениетін зерттеп, дәстүрлерді жандандырып, байқауда белсенділік танытқан қатысушыларды марапаттау рәсімін қазан айында Республика күніне орай өткізуді жоспарлаудамыз, – дейді «Аналар кеңесі» төрағасының орынбасары Ольга Николашина.
Шараға қатысушылардың байқауға ұзақ әрі тиянақты дайын-далғандары байқалды.
– Ұлтымыз – неміс. «Достық үйінде» өтетін барлық шараларға белсене атсалысуға тырысамыз. Бүгін біз неміс халқының тіл үйіретін дәмді де пайдалы ұлттық тағамы мен көпшілікті таңқалдыратын ерекше би үлгісін дайындадық. Осындай ел тарихына зор мән беріп, өзге ұлт өкілдеріне жылы шыраймен қарайтын туған жерім қазақ елінде тұратынымызды мақтан етеміз, – дейді №39 мектебінің неміс этносының өкілдері Алена Болошева, София Теренченко.
Баршаға мәлім, бала тәрбиесінде отбасының алатын орны ерекше. Қоғамдық тәрбиенің қай саласы болмасын орнын алмастыра алмайды. Кез келген отбасында дүниеге келген баланың бойына ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжірибесін сіңіріп, жеке тұлға етіп тәрбиелеу – міндет.
Салтанат ҒАББАС.
Суретті түсірген — Рүстем Әнуарбеков.