Ауданда Майқоңыр және Панфилов орта мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық білім беру бөлімінің мәліметінше, Майқоңыр ауылындағы ауқымды іс «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында іске асырылуда. Жөндеу барысында білім ордасының қасбеті қапталып, кабинеттердің қабырғасы мен төбесі тегістелуде. Спорт және акт залдары, асхана мен дәліздердің едені ауыстырылуда. Мектеп ауласына қоршау орнатылып, спорт алаңдары абаттандырылуда. Ал Панфилов мектебінде спорт залдың шатыры ауыстырылып, электр сымдары, кабинеттің есік пен терезелері жаңа кейіпке енуде. Сонымен қатар, білім ордасында абаттандыру, әрлеу жұмыстары да жүргізілуде. Екі мектептің оқушылары жаңа оқу жылын заманауи білім ордасында қарсы алмақ.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.