Дайындық пысықталды

Там 7, 2025

Баянауыл ауданында жылыту маусымына дайындық басталды. Бүгінде әлеуметтік салада 34 от жағу қазандығы жұмыс істейді.

Аудандық әкімдікте өткен аппараттық мәжілісте әлеуметтік нысандардың 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы талқыланды. Сонымен қатар, биыл білім беру саласы бойынша Егіндібұлақ ауылындағы орта білім беретін мектепке және Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатқа КВР-350 және КВР-900 маркалы төрт жаңа қазандық сатып алынып, орнатылды.

Аудан әкімі Ардақ Кісентаевтың айтуынша, аудан бойынша бюджеттік мекемелерге қажетті қатты отын мөлшері –
17 702 тонна. Қазір көмір жеткізу бойынша конкурстық рәсімдер аяқталып, келісімшарттар жасалуда.

Жиын барысында жылыту маусымына дайындық жұмыстарын сапалы әрі кедергісіз жүргізу, қыс мезгілінде барлық әлеуметтік нысан мен тұрғын үйлердің жылумен толық қамтылуы қажет екені ерекше атап өтілді.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.