Акция жалғасуда

Там 14, 2025

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы Шарбақты ауданында үздіксіз жалғасуда.

Соның дәлеліндей жақында «Ертіс орманы» резерваты мен «Жасыл ел» жастар жасағының еріктілері бірлесе отырып, өңірдегі ластанған аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Айналаны күл-қоқыстан арылтты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осынау игі іс-шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны қорғап, таза ұстауға үндеу.

Атап өтерлігі, осы жолы тазалық акция-сына аудандағы белсенді жастар мен табиғат жанашырлары да бір кісідей атсалысып, туған өлкенің табиғатына, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.

Н.АҚЫТЕГІ.