Сақтыққа шақырды

Қаз 23, 2025

Қазіргі уақытта алаяқтықтың небір түрі шықты. Тұрғындар бірінің айласын түсініп біткенше әккілер тағы бірін ойлап тауып, тұзаққа түсіреді. Соңғы уақытта дропперлердің «дәуірі» қызды. Оңай ақша табуға болатынын айтып, алдап соғады.

Міне, алаяқтықтың осындай түрінен халықты аулақ етуді мақсат еткен тереңкөлдік Aldaspan жастар орталығының қызметкерлері көшелерді аралап, сақтық шараларын түсіндірді. Дропперліктің алдын алу акциясын өткізді. Орталық қызметкерлері алаяқтар желісіне кірмеу және қылмыстық схемалардың байқаусызда қатысушысы, яғни дроппер болып кетпеудің жолдары егжей-тегжейлі жазылған буклеттер таратты. Көпшілікке қылмыстық тізбектің бір буыны болып кетудің соңы ауыр жазаға жетелейтінін жеткізді.

Г.МАҒЖАН.

Тереңкөл ауданы.