Биыл Успен ауданында сәуір айынан бастап 24 адам сыятын бассейн құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Мердігердің айтуынша, құрылысына екі жыл уақыт берілген жұмысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтамақ.
2025 жылы жоспар бойынша Павлодар облысының Успен, Ертіс, Май аудандарында бассейн құрылысы бастау алды. Аталмыш бассейннің құрылысына 565,9 миллион теңге бөлінді. Бүгінде құрылыс алаңында нысан жобалық орнына орналастырылған, жақында ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіледі. «Құрылыс БҚБ» ЖШС мердігер бүгінде құрылыс жұмыстарының 80 пайызы орындалғанын айтты.
Аталмыш нысан үлгілік жобалық құжаттама бойынша әзірленді. Алайда жергілікті шарттардың негізіне байланысты жобаға бірқатар өзгерістер енгізілген. Оның ішіне қоршау мен жарықтандыру сынды абаттандыру элементтерімен қатар инженерлік инфрақұрылымдағы модульдік қазандық, электр және сумен жабдықтау, сыртқы желілері қосылды.
Бұдан былай ауыл тұрғындары салауатты өмір салтына баса мән беріп, осындай нысанның арқасында балалардың жүзу қабілетін арттырып, жақындарымен уақытты тиімді өткізе алады.
Салтанат ҒАББАС.
Успен ауданы.