Екібастұз – бас жүлдегер!

Жел 11, 2025

Осымен екі айға жуық уақытқа созылған облыстық «Өнер додасы» байқауы өз мәресіне жетті. Ақтық кезеңде Екібастұз қаласы мен Павлодар ауданының өнерпаздары 7 айналым бойынша өз деңгейлерінде өнер көрсетті. Қатысушылар дәстүрлі ән, терме, күй, айтыс, халықтық ансамбль, сирек кездесетін аспап және халықтық би аталымдары бойынша кіл мықтыны анықтады.

Өнер жарысының нәтижесі бойынша бас жүлдені екібастұздық өнерпаздар қанжығалап, 2 миллион теңгелік серти-фикатпен марапатталды. Ал Павлодар ауданының намысын қорғаған ұжым 1-орынды иеленді. Оларға 1,5 миллион теңгелік сертификат табысталды. 2-орынға Тереңкөл ауданынан келген ұжым ие болса (1 миллион теңге), жүлделі 3-орынға (700
мың теңге) Успен ауданының өнерпаздары лайықты деп танылды. Одан бөлек, өзге аудандар 7 аталым бойынша Алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен мара-патталды.

«Шаңырақ» облыстық халық шығарма-шылығы орталығының басшысы Замира Солтанның айтуынша, «Өнер додасы»
байқауы осыдан екі жыл бұрын ұйымдастырылған. Аталған байқау биыл да жалғасын тауып, облысқа қарасты қала мен аудан-дардың өнерпаздары өнердің бірнеше түрінен сынға түсті.

— Байқаудың биылғы кезеңі де жоғары деңгейде өтті. Жалпы, байқауға облыстың 3 қала мен 10 ауданының мәдени қызметкерлері қатысты. Өнер додасы Павлодар қаласында өткендіктен оған осы шаһардың өнерпаздарын қоспауды жөн көрдік. Сәйкесінше, осы қалаға қарасты елді мекендердің өнерге жақын деген азаматтарының басын қостық. Бір қызығы, аудандардан Жұмысшы мамандықтар саласында еңбек ететін азаматтар да қатысты. Мәселен, Успен ауданының намысын «Айтыс» аталымында қорғаған азамат мектепте от жағушы болып еңбек етеді. Май ауданының өнерпазы Айбек Байжасаров көне аспаптардың түр-түрін әкелді. Сондай-ақ, байқау барысында биыл аудандардың қала деңгейімен теңесіп қалғанын байқауға болады. Оны ақтық сында сынға түскен Павлодар ауданы мен Екібастұз қаласының өнерпаз-дарының додасы бары-
сында байқадық. Егер байқау қолдау тапса, болашақта ұйымдастыру жоспарда бар, – дейді З.Солтан.

Қазақ халқының төл өнерін дәріптеп, аймақ өнерпаздарының шеберлігін шыңдай түскен бұл дода биыл да талай таланттың жолын ашып, жаңа шығармашылық серпін бергені сөзсіз.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.