Қыс мезгілінде өрт қауіптілігі жеке үйлер секторында арта түсетіні рас. Сәл жіберілген қателік орны толмас қайғыға жетелеуі мүмкін. Сондықтан, мамандар тұрғындарға сақтық шараларын қаперде ұстауға шақыруда.
Мәселен, Тереңкөл ауданының орта-лығында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Тереңкөл ауылдық округінің әкімдігі тұрғындар арасында жеке үй секторындағы өрттердің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Яғни, өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары, жылыту құралдары мен электр желілерін пайдалану кезіндегі сақтық шаралары насихатталуда. Сонымен қатар, мамандар өрт шыға қалған жағдайда әрекет ету тәртібін түсіндіруде.
Г.МАҒЖАН.
Тереңкөл ауданы.
