Екібастұз қаласында «Заң мен тәртіп» қағи-даты аясында «Maxi Mall» сауда – ойын-сауық алаңында «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Оның барысында мамандар сауда орталығына келген тұрғындардың құқық саласына қатысты сауалдарына жауап беріп, кеңестермен бөлісті.
Акцияға Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин, қалалық прокуратура, полиция басшылығы, басқа да мемлекеттік орган өкілдері, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылар қатысты. Тұрғындар оларға алдын ала жазылмай-ақ, бірден көкейде жүрген сауалдарын тікелей қоюға мүмкіндік алды. Барлығы 30-ға жуық азамат түрлі мәселемен жүгінді. Олардың қатарында алаяқтықтың алдын алу, шоттардың бұғатталуын алып тастау, жұмысқа орналасу, неке-отбасы даулары, зейнетақы, тұрғын үй-коммуналдық, әлеуметтік және жер заңнамаларына қатысты сауалдары болды. Жергілікті билік мұндай шараны дәстүрге айналдырып, келесі акцияны ақпан айында өткізуді жоспарлап отыр.
Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.
Екібастұз қаласы.
