Павлодар қаласында екі ер адам қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, азаматтар темекі тұқылдарын жерге тастаған. Осы бойынша
хаттама толтырылып, кінәлілерге айыппұл салынған. Осы сияқты ұсақ заңбұ-зушылықтар тұрғын үйлерде де жиі кездеседі.
Соңғы жылдары тұрғын үйлерде заңбұзушылықтар санының артуына байланысты заң талаптары да күшейтілді. Қолданысқа енгізілген заңға сәйкес, құқықбұзушылық жасаған жағдайда азаматтарға әртүрлі көлемде айыппұл салынады немесе әкімшілік жаза қолданылады. Осы орайда елімізде тұрғын үй кешендерінің тұрғындары қандай жағдайларда айыппұл төлеуі мүмкін екенін назарға ұсынамыз.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 2025 жылы облыста ұсақ бұзақылық бойынша екі мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Барлық құқықбұзушылықтарға байланысты тиісті хаттамалар рәсімделген.

