Жол-көлік оқиғалары және жауапкершілік

Ақп 12, 2026

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті жаяу жүргіншілердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының көбеюіне назар аударуда.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық жүйелерінің мәліметтеріне сүйенсек, 2025 жылы Павлодар облысының аумағында жаяу жүргіншілерге қатысты 380 соққы тіркеліп, оның салдарынан 13 адам қаза тауып және 391 адам әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алған.
Департамент тіркелген 80 жол-көлік оқиғаларының немесе жаяу жүргіншіні қағып кетудің әрбір 5 фактісінде кінәлі жүргізушілер оқиға орнынан қашып кеткенін анықтап, аталған оқиғалардың 71 жағдайы Павлодар қаласында, ал 9 апат Екібастұз қаласында орын алғанын анықтаған.
Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаның орнын тастап кеткені үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 611-бабымен сәйкес 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе бір жылға дейінгі мерзімде көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкелетін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін түсіндіреміз.
Ал, ауыр зардаптардың туындауына себеп болған жол-көлік оқиғасының орнын қалдыру ҚР Қылмыстық кодексінің 347-бабымен сәйкес екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына әкеліп соғатын қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.
Жүргізушілердің жол жүру ережелерінің сақтамауы және заңмен көзделген жауапкершіліктен бас тартуға тырысуы азаматтардың өмірі мен деңсаулығының қайғылы салдарына әкелуі мумкін екенін атап өтеміз.
Осыған байланысты, облыс жолдарында аталған жағдайларды болдырмау үшін ҚР БП ҚСжАЕАжК Павлодар облысы бойынша департаменті жүргізушілер мен азаматтарды жол жүру ережелерін сақтауға шақырады.

ҚР БП ҚСжАЕАжК Павлодар облысы бойынша департаменті.