Жасанды интеллект: әр салада басымдық

Сәу 30, 2026

Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Үкіметке цифрландыру бағытында ұлттық ұзақ мерзімді бағдарламалар жүргізуді тапсырған болатын. «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық цифрландыру стратегиясы саланың ұзақмерзімді даму бағдарына мүлдем жаңа көзқарасты қалыптастырады. Жасанды интеллект әр салада басымдыққа ие болуға тиіс. Павлодар өңірінде Деректерді өңдеу алқабы да сәтті жүзеге асуы үшін барлық жағдай жасалады.

Таптырмас көмекшіге айналуда

Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Жиында экономика саласына жасанды интеллект енгізу мәселелері қаралды.

Технологияларды ел экономикасына жүйелі енгізу үшін Қазақстанда Цифрлық трансформация карталары іске асырылуда. Премьер-Министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бүгінгі таңда 72 сала мен қызмет бағытын қамтитын 20 карта бекітілген. Олардың әрқайсысында 2027 жылға дейін AI-шешімдерді және KPI енгізу жоспары бар, ал процестерді жобалау AI-First қағидатына негізделген.

Жалпы, Президент тапсырмасына сәйкес, ЖИ технологиялары экономиканың барлық салаларында енгізілуде. Мәселен, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев құрылыс саласында жобалаудан бастап құрылыс барысын бақылауға дейінгі барлық кезеңде ЖИ енгізіліп жатқанын хабарлады.

Жоспарлау және қала құрылысы кезеңінде цифрлық бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының (ЕЖЖ) жүзеге асырылуын бақылау үшін жасанды интеллектпен ұштастыра отырып, «компьютерлік көруді» қолдану бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жүйе нысандардың нақты жағдайын бекітілген жобалық құжаттамамен салыстырады.

Қазақстанда ЖИ көмегімен жер қойнауының интерактивті картасы әзірленді. Геология саласында мұрағаттық деректерді электрондық форматқа көшіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда бастапқы геологиялық ақпараттың 97%-дан астамы немесе шамамен 250 терабайт дерек сканерленген. Цифрланған деректер Big Data бірыңғай жүйесіне біріктірілген.

Баяндамашылар «ақылды» технология көлік-логистика саласында да тиімді қолданыла бастағанын мәлімдеді. Көлік-логистика саласына ЖИ енгізу процестерді жеңілдетуге, шығындарды азайтуға және елдің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған. Мәселен, мемлекеттік органдар мен бизнесті біріктіретін Smart Cargo платформасы QR кодтары арқылы жүйе жүк деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді, құжаттарды автоматты түрде тексереді, маршруттар құрады және қажетті рұқсаттарды анықтайды. Бұл шекарадан өту уақытын 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартады деп күтілуде. Цифрландыру теміржол секторына да әсер етті, онда 10-ға жуық жоба жүзеге асырылуда.

Ауыл шаруашылығы саласы да ЖИ технологияларын қолданады. «Қазақстанның астық консорциумы» ЖШС басшысы Бақтияр Оспановтың  айтуынша, холдинг өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық тәсіліне көшкен. Өзін-өзі дамыту жүйесі нақты уақыт режимінде
5 мың қызметкердің жұмысын және техниканың қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді, бұл деректер минут сайын жаңартылып отырады.

Студенттердің бәрі оқытылуда

Жоғары білім беру жүйесінде ЖИ саласындағы мамандарды даярлау үшін реттеуші модель құру аяқталды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бүгінгі таңда барлық студенттердің оқу жоспарына, оқу бейініне қарамастан, ЖИ пәндері енгізілген. Сонымен қатар бірыңғай ЖОО аралық стандарт бекітілді, ал Академиялық адалдық лигасы білім беруде ЖИ пайдалану бойынша нұсқаулықты қабылдады. Сондай-ақ диссертацияларды дайындау кезінде жасанды интеллектіні қолдануды реттейтін ғылыми дәрежелерді беру қағидаларына толықтырулар енгізілді. Оқытушылар үшін жасанды интеллект саласында біліктіліктілікті міндетті түрде арттыру енгізілді. Барлық жоғары оқу орындары үшін жасанды интеллектіні қолдану бойынша KPI көрсеткіштері бекітілді.

«Осы әлеуетті жүзеге асыру үшін кадрлар даярлау мақсатында біз қажетті нормативтік-құқықтық базаны қалыптастырдық. Жасанды интеллект пәндері барлық студенттер үшін, мамандығына қарамастан, міндетті болып енгізілді», — деп атап өтті министр.

Деректі өңдеу алқабы – Екібастұзда

Қазақстанда жаңа супер-компьютерді іске қосу жоспарлануда. Қазақстанда деректерді өңдеудің жаңа орталықтарының құрылысы жүргізілуде. «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің сөзінше,  бұл бағытта «Қазақтелеком» АҚ еліміздегі деректерді өңдеу орталықтарының ең ірі желісін басқарады. Өткен жылдың қазан айында Алматыда өнімділігі 1,5 петафлопс болатын AI-Farabium суперкомпьютері іске қосылды. Бүгінде ол әлемдегі ең өнімді суперкомпьютерлер арасында 103-ші орында тұр, оның есептеу қуаты 100% жүктелген.

«Сондай-ақ, деректерді өңдеудің жаңа орталықтарының құрылысы жүргізілуде, биыл қараша айында Қосшы қаласында Алматыдағы орталықтан үш есе қуатты суперкомпьютерді іске қосу жоспарлануда», — деді Б.Мусин.

Бұдан басқа, «Қазақтелеком» Екібастұз қаласында Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын салу жөніндегі жобаның операторы болып белгіленді. 20-дан астам гиперскейл-компаниялармен келіссөздер жүргізілуде, 100 МВт-тан астам алдын ала сұраныс жасақталды. Осылайша, компания телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытып қана қоймай, экономиканың барлық салаларына жасанды интеллектіні кең ауқымда енгізу үшін берік негіз қалыптастырады.

Премьер-Министр Олжас Бектенов «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасына инвесторлар тарту жұмысын жандандыру және IT-нарық үшін құқықтық ынталандырулар қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

«Аталған жобаға инвесторлар тарту жұмысын жандандыру қажет. Жасанды интеллект министрлігі екі апта ішінде Қазақстан аумағында бұлтты провайдерлердің қызметін реттеу мен оның дамуын ынталандыруға арналған заңнамалық түзетулер әзірлеуі тиіс. Қазақстан инвесторлар мен ІТ-мамандар, соның ішінде шетелдік мамандар үшін де тартымды болуы керек», —
деп атап өтті Олжас Бектенов.

Емханада ЖИ қабылдайды

Қазақстанда дәрігер қабыл-дауына кезекті қысқарту үшін жасанды интеллектіні қолдану ұсынылуда. Атап айтқанда, меди-циналық құжаттарды толтыру процесін автоматтандыруға бағыт-талған «Ascle» стартап жобасы таныстырылды.

«Біз дәрігерлерге арналған ЖИ жүйесін құрудамыз, ол: дәрігердің пациентпен диалогын тіркейді, сөйлеуді таниды және тіркейді, оны құрылымдалған медициналық деректерге айналдырады; алынған деректерді алғашқы қабылдау картасына және медициналық картаның негізгі бөлімдеріне автоматты түрде толтырады. Содан кейін алынған ақпарат контекстіне сәйкес оңтайлы емдеу мен тағайындауды ұсына отырып, алдын ала диагноз қояды», — деді стартап жетекшісі Сұлтан Жұмабаев. Оның айтуынша, жүйе медициналық құжаттаманы жүргізуге кететін уақытты 50%-ға қысқартады, дәрігерге науқаспен тікелей байланысқа басым уақыт бөлуге көмектеседі, клиникаға пациенттерді көбірек қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі стартап 38 клиникада және еліміздің төрт өңірінде сынақтан өткізілген.

Бірыңғай жүйе қалыптасады

Премьер-Министр Олжас Бектенов деректердің бытыраң-қылығын жою, мемлекеттік дерек-
тер қорына бизнестің қолжетімділігін қамтамасыз ету және оларды пайдаланудың бірыңғай стандарт-тарын енгізу бойынша жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, бірыңғай деректер инфрақұрылымын қалып-тастыруды жеделдетуді тапсырды.

«Сондай-ақ, жасанды интел-лектіні жаппай енгізу үшін шашыраңқы деректерді ретке келтіру, бизнеске мемлекеттік деректер қорының қолжетімді болуы және оларды пайдаланудың бірыңғай стандарттарын енгізу мәселелерін шешу қажет. Жасанды интеллект министрлігіне әдіснамалық базаны қалыптастыруды аяқтап, салалық «data-lake»-тер құруға басымдық беруді тапсырамын», —
деді Премьер-министр.

Үкімет басшысы жаңа Консти-туцияда алғаш рет азаматтардың дербес деректерін қорғау құқығы бекітілгенін еске салды. Сондықтан салалық ведомствоға ЖИ технологияларын пайдалануға қатаң бақылау орнату жөнінде міндеттер қойды.

Жиын соңында Премьер-Министр «Digital Qazaqstan» жаңа стратегиясын жедел іске қосу қажеттігіне назар аударды. «Жаңа Конституцияда алғаш рет азаматтардың дербес деректерін қорғау құқығы бекітілді. Бұл саланың одан әрі дамуына серпін беріп, мемлекеттің стратегиялық басымдықтарын айқындайды. Қазір заңнамада жасанды интеллект жүйелерін пайдалану кезінде дербес деректерді қорғау қажеттілігі көзделген. Жасанды интеллект министрлігіне үшінші тараптар мен жүйелердің дербес деректерге рұқсатсыз кіруіне жол бермеу, сондай-ақ зияткерлік меншік нысандарына құқықтарды қорғау мақсатында тиісті бақылауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Қорытындылай келе, «Digital Qazaqstan» стратегиясының жобасы елімізде түбегейлі цифрлық өзгерістерді қамтамасыз етіп, экономика салаларында жасанды интеллектіні енгізуге бағытталғанын атап өтемін. Сондықтан оның жедел келісіліп, әрі қарай сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Аталған мәселелер бойынша бақылау мен үйлестіру Премьер-Министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке жүктелді.

Әзірлеген  — Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.