Ақтоғай ауданындағы Қараой, Қожамжар және Ақтоғай ауылдарының жайылма аумақтарында қансорғыш жәндіктердің дернәсілдеріне қарсы арнайы жергілікті өңдеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Өңдеу шаралары жаяу тәсілмен ұйымдастырылып, жайылма аумақтардың табиғи ерекшеліктері мен су жиналатын учаскелері толықтай ескерілуде. Мамандар дернәсілдер шоғырланған орындарды анықтап, белгіленген аумақтарда кезең-кезеңімен тиісті өңдеу жұмыстарын атқаруда. Жұмыс барысында арнайы құрал-жабдықтар мен бекітілген препараттар қолданылып, өңдеу жұмыстары белгіленген талаптар мен санитарлық нормаларға сәйкес жүргізілуде. Әрбір аумақ мамандардың бақылауынан өткізіліп, өңдеу сапасына ерекше назар аударылуда.
Айта кетейік, аталған іс-шаралар ғылыми топ өкілдерінің қатысуымен және тапсырыс берушінің сүйемелдеуімен жүзеге асырылуда. Бірлескен бақылау жүргізілетін жұмыстардың сапасын арттырып, өңдеу барысын тұрақты қадағалауға мүмкіндік береді.
А.БОРАНБАЕВА.
АҚТОҒАЙ АУДАНЫ
