Республикалық «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі–2026» халықаралық табиғат қорғау акциясы аясында Шарбақты ауданына қарасты Шалдай ауылында алма ағаштары отырғызылды.
Аталмыш акцияға 100-ден астам адам белсенді қатысты. Олардың қатарында орманшылар, табиғи резерват қызметкерлері, шекара заставасының әскери қызметшілері, психоневрологиялық орталықтың мамандары және басқа да сала өкілдері бар.
Экологиялық іс-шараға қатысушылар 600-ден астам көшет егіп, қоршаған ортаға ұқыпты қарау керектігін насихаттады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, игі шараның басты мақсаты — аумақты көгалдандыру, табиғи байлықты сақтау және көбейту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қоғамды ортақ пайдалы іске жұмылдыру. Осындай үлкен міндетті арқалаған акция қатысушылары жасыл болашақты бірге құратынын айтып, тарқасты.
Н.АҚЫТЕГІ.
ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ
