Есірткіге қарсы күрес

Мам 14, 2026

«Заң мен тәртіп» жобасы аясында Успен ауылында нашақорлық пен есірткі қылмы-сының алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына есірткі заттарын қолданудың зияны, оның адам денсаулығына тигізер кері әсері түсіндірілді. Сонымен қатар, есірткі құралдарын заңсыз сақтау мен таратқаны үшін жауапкершілік туралы нақты мәліметтер берілді. Қатысушыларға тақырыптық жадынамалар мен ақпараттық буклеттер таратылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға баса назар аударылды. Мамандар азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, сондай-ақ қоғам қауіпсіздігін сақтау жолындағы әрбір адамның рөлі маңызды екенін атап өтті. Әсіресе, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі кеңінен қозғалды.

Мұндай алдын алу шаралары – ұлт денсаулығын нығайтуға, отбасылардың әл-ауқатын арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.


Н. ҚАЛЫБЕК.

УСПЕН АУДАНЫ