Жол жөнделуде

Мам 14, 2026

Баянауыл ауданына қарасты елді мекендерде ауылішілік жолдарды жөндеу мәселесіне мән берілуде. Қазіргі уақытта Шонай ауылындағы көшелерге асфальт төсеу жұмыстары басталды.

Аудан әкімдігінің ақпараты бойынша Шонай ауылының Нағым Солтанәлин көшесіндегі ұзындығы 2,33 шақырым болатын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Мұндағы жұмыс барысын аудан басшысы бақылап қайтты.

– Мердігер «АВН Строй Класс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  техникалары жұмысқа қызу кірісіп кетті. Қазіргі сәтте 300 тоннаға жуық қиыршық тас жеткізілді. Жөндеу жұмыстары екі жылға жоспарланған. Бұл жолдың сапалы әрі берік болуына мүмкіндік береді, – дейді Ардақ Кісентаев. Сондай-ақ, ол ауылдың ішкі жолдарының жақсаруы – тұрғындардың жайлылығы үшін жасалып жатқан маңызды қадам екенін атап өтті.

Н.ШОДЫР.

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ