Игі жұмыстар жалғасуда

Шіл 23, 2026

Ақтоғай ауылдық округінде тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында жолдарды жөндеу мен аумақтарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Бүгінде Ақтоғай ауылдық округіне қарасты Жоламан ауылында автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазірде жолдың негізгі бөлігін тегістеу, жол жиегін қалыпқа келтіру және қозғалысқа қолайсыз учаскелерге қиыршық тас төсеу жұмыстары қарқынды атқарылуда. Жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, белгіленген мерзімде аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Ақтоғай ауылында абаттандыру жұмыстары да қарқын алған. Елді мекеннің санитарлық тазалығы мен көркін сақтау мақсатында қоғамдық орындарда, саябақтарда, көше бойында және ортақ пайдаланылатын аумақтарда шөп шабу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар ауылдың эстетикалық келбетін жақсартып, тұрғындар үшін таза әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

А.БОРАНБАЕВА.

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ