Железин ауданында алты айдың қорытындысы бойынша бірқатар негізгі көрсеткіштің оң қарқыны тіркелген. Бұл туралы әкімдіктің кеңейтілген отырысында айтылды.
Аудан әкімі Айтуған Шайхимовтің төрағалығымен өткен жиында ауданның жарты жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары сараланды. Сонымен қатар, аудандық бюджеттің орындалуы, Қазақстан ауылдық округін дамыту мәселелері қаралған. Бұл туралы аудан әкімі Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады. Мұндағы мәліметке сәйкес, биыл алты айда бірқатар негізгі көрсеткіште оң динамика байқалады. Сонымен қатар, жиында әлі де жұмысты күшейту қажет бағыттар айқындалған. Бұл ретте бюджеттік міндет-
темелердің орындалуына, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға, инфрақұ-рылымды дамытуға, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын қолдауға, халықтың өмір сүру сапасын арттыру тұрғысындағы жұмыстарға назар аударылды. Қаралған мәселелер бойынша жауапты органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Г.МАҒЖАН.
ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ
