Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Аманжолованың айтуынша, өңірде Құрылтай депутаттарының сайлауы 522 сайлау учаскесінде өтеді. Оның 21-і – қолжетімділігі шектеулі учаске. Сайлау науқанына 536 сайлау комиссиясы жұмылдырылып, жалпы 3446 адам қызмет атқарады.
Қазіргі уақытта сайлаушылар тізімін нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Ол 2 тамызға дейін жалғасады. 3 тамыздан бастап учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысына кірісіп, комиссия мүшелерін оқыту басталады. Ал 7 тамыздан бастап сайлаушылар өздерінің тізімде бар-жоғын және жеке деректерінің дұрыстығын тексере алады.
Нұрбол Қанатбекұлы.
