ЖАҢА САЙЛАУ – ЖАҢА САЯСИ МӘДЕНИЕТТІҢ КӨРІНІСІ

Шіл 27, 2026

2026 жылғы 23 тамызда еліміздің саяси өмірінде айрықша маңызға ие оқиға өтпек. Осы күні Қазақстан азаматтары жаңартылған Конституция талаптарына сәйкес алғаш рет Парламент – Құрылтай депутаттарын сайлайды. Бұл сайлау – конституциялық реформалардың заңды жалғасы әрі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған ауқымды саяси өзгерістердің нақты көрінісі.

Жаңа саяси модельдің негізгі ұстанымы – хал ықтың еркін шынайы білдіретін, қоғам алдындағы жауапкершілігі жоғары және тиімді заң шығару қызметін қамтамасыз ететін өкілді орган қалыптастыру. Сондықтан алдағы сайлау әрбір азаматтың ел дамуына қосатын үлесі мен азаматтық ұстанымын айқындайтын маңызды қоғамдық-саяси науқан ретінде бағаланады.

Облыстық «Халық радиосы» осы маңызды кезең қарсаңында ел дамуына өзіндік үлес қосып жүрген зиялы қауым өкілдерінің, еңбек адамдарының, қоғам белсенділері мен түрлі сала мамандарының пікірлерін тұрақты түрде жариялап келеді. Олардың ортақ ұстанымы – Конституциялық реформалар Қазақстанның демократиялық даму бағытын нығайтып, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты одан әрі бекемдейді деген сенімге негізделген.

Саяси жаңғыру – бір күндік үдеріс емес. Оның нәтижесі азаматтардың белсенділігіне, қоғамдық сенімге және мемлекеттік институттардың тиімді жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан алдағы сайлау елдің ертеңіне бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды таңдау болмақ.

– Биыл алғаш рет жаңа Конституция негізінде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл саяси науқанның тарихи маңызын қалай бағалайсыз?

– Алдағы сайлаудан қандай нәтиже күтесіз?

Бүгінгі шығарылымда жоғарыдағы сауалдарды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалия Балтабай мен Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ақын Людмила Бевзге қойған едік.

 

Ғалия Құсайынқызы Балтабай – Павлодар облысының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері, ардагер журналист

  1. Қазақстанның саяси кезеңі 23 мамырда өтетін құрылтай сайлауы. Бұл сайлаудың маңызы біз үшін өте зор. Құрылтайға өту мемлекеттік басқарудың ең тиімді жолы деп түсінемін. Бұл әрі мемлекеттік басқарудың ең тиімді бағыты.

Осы арқылы мемлекетіміз тарихи даму жолында және саяси мәдениетін қалыптастырып, парламенттік жүйеге қалыптастыруына жол ашады. Халық біледі, осы тұрғыда Қазақстан бірнеше кезеңді басынан өткірген. Алғашқы жылдары мемлекеттілікті қалыптастырсақ, кейінгі жылдары тұрақтылықты қалыптастырудан өттік. Ал қазіргі президентіміз таңдаған осы үшінші кезең халқымыз үшін тиімді болу керек деп ойлаймын. Мемлекеттік басқаруды қалыптастыру кезеңіне шығып отырмыз.

  1. Алдағы сайлаудан не күтеміз деген сұрағына байланысты айтатын болсам, кім не айтса да, менің білетінім әрі шетелге шығып жүргендегі көргенім, біздің Қазақстан соңғы екі жылда дамып келеді. Орталық Азиядағы ең үлкен мемлекеттің бірі екенін көріп отырмын. Жұмыс жұмыс істеймін дегендерге жұмыс бар, тек адал еңбек ет.

Басқа елдерден бізде азық-түлік арзан, көшелеріміз таза, ел, қала жылдан жылға көркейіп келеді. Мен оны үнемі басқа мемлекеттермен салыстырып отырмын. Тек қазақ еліне адал еңбек етіп, мен елден не аламын демей емес, мен халқыма қандай қызмет көрсетсем екен деп адал еңбек етуің керек.

Құрылтай сайлауы елдің, халқымыздың бір тұтастығын, мемлекетіміздің деңгейін арттыратын күш болады деп ойлаймын. Сондықтан әрбір қазақстандық азамат өзінің азаматтығын ұстанып, осы сайлауда дауыс беру керек. Түпкі мақсат – мемлекеттің тиімділігін арттыру, ең бастысы азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайту. Бұған қоғам сеніп, халық оны қолдап кету керек. Бұған билік те, халық та сенім артуға тиіс.

Сайлауға бар халық қатысу керек деп ойлаймын. Ол баршамыздың парызымыз, құрылтай елдің жаңа таңдауы, сондықтан оған барып дауыс беру – әр кімнің қарызы мен борышы.

 

Людмила Николаевна Бевз – П. Васильев атындағы әдеби бірлестіктің мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық мемлекеттік медалінің иегері.

  1. Қазақстан бүгінде жаңару мен жаңғырудың жаңа кезеңіне нық қадам басты. Конституциялық реформалардың жүзеге асуы, Ұлттық құрылтайдың құрылуы, сондай-ақ жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға бағытталған депутаттар корпусын сайлау – еліміздің демократиялық даму жолындағы маңызды белестердің бірі. Әрбір азамат бүгінгі тарихи өзгерістердің тікелей қатысушысы әрі куәгері. Сондықтан сайлау – тек конституциялық құқықты жүзеге асыру ғана емес, елдің ертеңіне деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.
  2. Біздің отбасымыз үшін де бұл саяси науқанның мәні ерекше. Биыл алғаш рет дауыс беру құқығына ие болған немерем сайлауға қатысады. Оның болашағы тәуелсіз, тұрақты әрі жаңарған Қазақстанмен тығыз байланысты. Сондықтан жас ұрпақтың ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуы аса маңызды деп есептеймін. Әрине, кез келген саяси реформаның нәтижесі бірден байқала қоймайды. Оның нақты тиімділігі сайлауалды үдерісінің ашықтығы мен әділдігінен, сондай-ақ сайланған депутаттардың халық сенімін ақтап, өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруынан көрінеді. Уақыт өте келе қабылданатын шешімдер мен жүзеге асырылатын бастамалар реформалардың өміршеңдігін айқындайды. Ең бастысы – қоғамның сенімі мен елдің дамуына қызмет ететін тиімді мемлекеттік институттардың нығаюы.

Әңгімелескен – Айбек Оралхан.