23 тамыз күні елімізде Құрылтай сайлауы өтетіні белгілі. Бұл күні тұрғындар қай учаскеде таңдау жасайтынын бірнеше тетік арқылы біле алады.
- Call-орталық арқылы
Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарында Call-орталықтар жұмыс істейді. Операторға қоңырау шалып немесе WhatsApp арқылы өз деректеріңізді жіберіп, учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын нақтылай аласыз.
Call-орталықтардың телефон нөмірлері облыс, қала және аудан әкімдіктерінің ресми сайттарында, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланған.
Жұмыс уақыты: күн сайын сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін
- Telegram-бот арқылы
«Сайлау учаскесін іздеу қызметі» Telegram-ботына өтіп, ЖСН нөміріңізді енгізу жеткілікті.
Бот сізге автоматты түрде учаске нөмірі мен орналасқан жерін көрсетеді.
- Онлайн сервис арқылы
«Өз сайлау учаскеңізді табыңыз» қызметі мына сайттарда қолжетімді:
— Павлодар облысының әкімдігінің ресми сайты
— Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің интернет-ресурстары
Аталған сайттарға жеке сәйкестендіру нөмірін енгізсеңіз, сайлау учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайы бірден көрсетіледі.
