Биыл Железин ауданының орталығында қазандықтарды жөндеу және жаңғырту, жылу магистральдарын ауыстыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Сол арқылы ауылдағы ағайынға көрсетілетін коммуналдық қызметтің сапасын арттыру көзделіп отыр.
Бұл бағыттағы жұмыстарға «ЭМИ» ЖШС жауапты мердігер ұйым ретінде анықталды. Қазіргі уақытта №2, №4 қазандықтарда және магистральдық жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі Айтуған Шайхимовтың айтуынша, бүгінгі таңда жалпы белгіленген қуаты 12,2 МВт болатын 7 су жылыту қазандығын монтаждау және құбырларға қосу бойынша негізгі жұмыстар орындалды. Оның ішінде қуаты 1,6 МВт болатын үш және қуаты 2,2 МВт болатын төрт су жылыту қазандығы бар.
— Қазіргі уақытта екі түтін мұржасын орнату, тиек арматураларын (ысырмаларды) монтаждау, жалпы ұзындығы 2,8 шақырым болатын жылу желілерін салу және ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Аталған іс-шараларды іске асыру ауылдың жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға, жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуге және тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, — деді аудан басшысы.
Жергілікті билік жөндеу жұмыстарының барысы мен сапасын тұрақты бақылауға алатынын атап өтті.
Өз тілшіміз.
Железин ауданы
