Шарбақты ауданында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар үздіксіз жалғасуда.
Айлық барысында аудан аумағын көркейтуге ерекше көңіл бөлініп, қарағай, қайың, терек және шетен ағаштарының 372 жас көшеті отырғызылды. Жасыл желекті көбейту – елді мекендердің ажарын арттырып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадам, дейді шарбақтылық орманшылар.
Игі бастамаға ауданға қарасты барлық мемлекеттік бөлімдердің мамандары мен ауылдық округтердің тұрғындары белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
«Таза Қазақстан» акциясы – тазалық жұмыстарымен ғана шектелмей, сонымен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастырып, туған жерге деген жауапкершілікті арттыратын ортақ іс, дейді шарбақтылық тұрғындар.
Н.ШОДЫР.
Шарбақты ауданы
