Оқушыларға да түсіндірілуде

Қар 4, 2026

«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету ісіне үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық секторды тартуға назар аударылуда. Жуырда Үкіметте банядама жасаған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев бұл жұмыста құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңдылық қағидаттарын нығайту және жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл басымдық болып саналатынын атап өтті. Ал ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру туралы баяндады.

Елімізде азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, халықтың құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын арттыруға, заңға құрмет қалыптастыруға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған 500-ге жуық әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Қазақстанның Азаматтық альянсымен бірлесіп жалпыұлттық қағидаттарды, оның ішінде «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету бойынша республикалық жобалық кеңсе құрылды: өңірлерде 20 жобалық кеңсе жұмыс істейді, ҮЕҰ мен азаматтар үшін 1 мыңға жуық құқықтық консультациялар көрсетілді, ақпараттық-түсіндіру жұмысына еріктілер мен волонтерлік ұйымдар тартылды.

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру туралы баяндады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» конституциялық қағидаты шеңберінде мектептерде «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Еңбек адамы», «Конституция негіздері», «Жеке қауіпсіздік» курстары енгізілді, «Құқық негіздері» пәні жаңартылды. Оқушыларда қауіпсіз мінез-құлықтың құқықтық нормалары мен дағдыларын қалыптастыру мектеп ортасында салауатты психологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі жұмыстармен толықтырылады. 2026 жылдың 9 айында Психологиялық қолдау орталықтары 17 мыңға жуық бала мен 9 мың ата-анаға консультациялық және психологиялық көмек көрсетті. Педагог-психологтарға арналған 21 мың әдістемелік іс-шара өткізілді. «ДосболLIKE» буллингке қарсы бағдарламасы жүзеге асырылуда, 14 850 педагог дайындалып, 70 оқыту іс-шарасы өткізілді.

Нұрбол Қанатбекұлы.