Қатерлі ісік дерті дендеп тұрған шақта алдын ала тексерілген жөн. Сондықтан емханаға хабарласып, қатерлі ісіктің жиі кездесетін түрлерін ерте анықтау үшін тексерілу керек. Сақтандырылған азаматтар үшін тексерулер тегін өткізіледі. Ауылдық жерлердің тұрғындары аудандық онкологтың жолдамасы бойынша қалада КТ тегін өте алады.

Ауыр дерттен сақтану үшін жасына байланысты профи-лактикалық тексерулер мен скринингтерден өту маңызды. Бүгінде облыстық онкодиспансерде 12 мыңнан астам адам есепте тұр. Дәрігерлер қатерлі ісікке күдіктенген екі мыңға жуық пациент компьютерлік томографиядан өтіп, 967 МРТ-зерттеу жүргізілген. Дәрігерлер ерте сатысында анықталған қатерлі ісік 80 пайыз жағдайда сәтті емделетінін еске салады. Қазақстанда сүт безі обырын, жатыр мойны обырын және колоректальды обырды анықтауға арналған скринингтік зерттеулердің үш түрі жүргізіледі. Екі жылда бір рет колоректальды қатерлі ісікті ерте анықтауға арналған тексеруден 50-70 жас аралығындағы ерлер де, әйелдер де өтеді. Бұл полипоз немесе тоқ ішек қатерлі ісігі бар науқастарға қатысты емес. Денсаулық сақтау басқар-масының хабарлауынша, биылғы жылы облыстың 33 мың тұрғыны колоректальды обырды анықтау үшін скринингтен өтіп, он бірінде қатерлі ісік анықталған. Дәрігерлер соңғы жылдары қатерлі ісік ауруын ерте диагностикалау көрсеткіші айтарлықтай артқанын атап өтті. Биыл ол 30,7 пайызды құрады. Павлодар облысында скрининг арқылы сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, тоқ ішек ісігі анықталды. Егер бұл онкологиялық ауруларды нөлдік немесе бірінші кезеңде анықтау мүмкін болса, бұл науқасты әрі қарай диагностикалау мен емдеудің дұрыс тактикасын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан павлодарлықтар көрсетілімге шақыруды назардан тыс қалдырмауға шақырады. Жатыр мойны обырын анық-тауға арналған скринингтен төрт жылда бір рет 30-70 жас аралығындағы әйелдер өтуі
керек. Сүт безі қатерлі ісігі скринингі 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдерге жүргізіледі. Олар төрт жылда бір рет тексеруден өту керек. Денсаулық сақтау басқар-масының мәліметінше, бүгінде Павлодар облысында 32 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы бар. Бұл ретте емханалардың әрқайсысында скринингтік және кәсіби тексеруден өтетін 69 бөлме бар. Сонымен қатар, бізде тәулік бойы қабылдайтын 155 төсекті және күндізгі қабылдауға арналған 50 төсекті облыстық онкологиялық диспансері бар. Алты айда мұнда 3672 науқас емделген. Өткен жылы осы кезеңде 3 мың науқас диспансерлік ем қабылдады.

Торғын ОРАЗАЛЫ.