Жолболды ауылдық округіне қарасты Шұға ауылында мектепке жапсарлас салынған спорт залы ашылды. Құрылысқа жауапты болған «ЖанЕрке и К» жұмысты мерзімінен бір ай бұрын аяқтады.
Республика күні қарсаңында Ақтоғай ауданы Шұға ауыл-ындағы Х.Шаяхметов атындағы негізгі мектепте спорт залы пайдалануға берілді. Ақтоғай ауданы әкім-інің міндетін атқарушы Ермек Машрықов оқушылар мен ауыл тұрғындарын атаулы күнмен құттықтады.
— Енді мектеп оқу-шыларында спортпен шұғылдану үшін одан да көп мүмкіндіктер бар. Жаңа жеңістер мен жетістіктерге жеткізуге кәміл сенеміз. Бұдан былай мектептегі барлық жарыстар осында өтеді. Бәлкім, оқушылар еліміздің даңқты спортшысы атанатын шығар. Сол күнге жеткізсін! — деді ол. Спорт залының құрылысына мемлекет қазынаcынан 40,8 миллион теңге жұмсалды. Кешеннің іргетасы 29 мамырда қаланған еді. Бір қабатты спорт залдың аумағы — 215 шаршы метр. Мұнда шәкірттер дене шынықтыру сабағында шынығып қана қоймай, бос уақытта волейбол, баскетбол ойнай алады.
А.БОРАНБАЕВА.