С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-сатирик, публицист, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Сүлеймен Баязитовті еске алуға арналған әдеби кеш өтті. Шараға қаламгердің жұбайы Рымкеш Мәдиқызы және ақынның туыстары, жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты.
Шараның негізгі мақсаты — Сүлеймен Баязитовтің шығармашылығын насихаттау, мектеп оқушылары арасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. Әдеби кеш барысында жиналған қауымның назарына ақынның кітаптарынан жинақталған көрме ұсынылды. Сондай-ақ, онкүндік аясында өткізілген Сүлеймен Баязитов оқуларының нәтижесі жарияланды. Қазылар алқасындағы Ш.Байғалы, Л.Бевз, С.Аханбаева секілді қаламгерлер мен ұстаздар үміткерлердің өнерлеріне баға беріп, ойларын ортаға салды. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша 3-орын Айару Мақсат, Марк Трынов, Серіәлі Серікке бұйырды. 2-орынды Ясмин Сидорук пен Әбілмансұр Серік иеленді. 1-орынды Саида Исбулат иеленсе, бас жүлдені Асылхан Жансұлу қанжығасына байлады.
Өз тілшіміз.