Баянауыл ауданының бірқатар ауылындағы әлеуметтік нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Өңірдегі тозығы жеткен мәдениет үйлері мен мектептер көп кешікпей жаңа кейіпке енбек.
Атап айтар болсақ, бүгінде Бірлік және Құндыкөл ауылындағы мәдениет үйлері мен Жаңатілек ауылдық кітапханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, мұндай жұмыстар аудандағы төрт білім беру мекемесінде де жалғасуда. Яғни, алдағы жаңа оқу жылына дейін Әлкей Марғұлан, Қошке Кемеңгеров, Қаныш Сәтбаев және Жүсіпбек Аймауытов атындағы мектептер күрделі жөндеуден өтіп, балалардың жайлы білім алуына жағдай жасалмақ.
Өңір басшысы аудан әкімдігінде өткен аппараттық жиында жауапты мамандарға аталған нысандардағы жұмыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген уақытында пайдалануға берілуін бақылауда ұстауды тапсырды.
Н.АҚЫТЕГІ.