Жақында Павлодар қаласының Орталық жаға-лауындағы «Ertis Promenade» сахнасы ашылады. Осыған орай тұрғындар арасында жеке ән орын-даудан байқау ұйымдастырылды. Іріктеуден сүрінбей өткен өнерпаздар маусымның ашылуына арналған концертте өнер көрсетеді.
Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Шаһар басшысының сөзінше, Павлодар қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Караоке PVL» халықтық байқауын жариялады. Оған өтінім берген облыс орталығының жасы 18-ден жоғары талантты тұрғындары қатыса алды. Іріктеу кезеңі 11-12 мамыр аралығында «Колос» мәдениет үйінде өтті. Байқау финалы аталмыш мекенжай бойынша 18 мамыр күні сағат 11:00-де болады. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталып, «Ertis Promenade» маусымының ашылуында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Өз тілшіміз.