Аудан аумағында тұрғындарды әбігерге салатын шыбын-шіркейге қарсы күрес жұмыстары басталды. Сәуір айының соңында басталған жұмыс үш бағытта жүргізілуде.
Ертіс өзенінің жиегіндегі 10 мың гектар жер әуеден өңделеді. Ал өзен арнасына биопрепараттар қолданылады. Сонымен қатар, қансорғышқа қарсы «дымқыл тұманмен» тосқауылды өңдеу жұмысы жүргізіледі. Аталған шаралар ғылыми топтың шыбын-шіркейлердің пайда болу ошақтарын анықтау нәтижесінде биологиялық, химиялық препарат-тардың көмегімен атқарылуда. Осылайша, аудандағы 12 елді мекенде қансорғыштарға қарсы дезинсекция жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.
Самат МӘНЕНҰЛЫ.