Ағымдағы жылы Павлодар облысы бойынша саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеудің болжамды көлемі 99 853 гектарды (мемлекеттік қордағы жерлер — 32 642 гектар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының жерлері — 67 211 гектар) құрайды. Бұл бағытта облыстық бюджеттен 138 736 млн теңге бөлінді.

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәсли-хатында Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Есентай Мүрсәлімов бүгінгі күні саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы 3 033 литр препараттар сатып алынғанын атап өтті. Оның ішінде пиретроид тобының препараты «Карат Супер 100», эмульсия концентраты (ламбда-цигалотрин) 1 195 литр және хитин синтезінің ингибиторлары тобының «Диурон» препараттары, суспензия концентраты (дифлубензурон) 1 838 литр.

— Химиялық өңдеу бойынша қызмет көрсетушілер Шымкент қаласынан 65 316 гектар алаңда «Бағжан» ЖК және Павлодар қаласынан 34 537 гектар алаңда «Агрозащита ПВ» ЖШС компания-лары анықталды. Оның ішінде «Бағжан» ЖК — Баянауыл ауданында — 24 926,00 гектар, Успен ауданында — 19 619,80 гектар және Аққулы ауданында — 20 770,00 гектар алқапты өңдейді. Ал, «Агрозащита ПВ» ЖШС – Павлодар қаласында — 1 120,00 гектар, Ақсу қаласында — 3 142,00 гектар, Екібастұз қаласында — 6 354,00 гектар, Ақтоғайда — 1 483,00 гектар, Железин ауданында — 7 022,00 гектар, Ертіс ауданында — 1 612,00 гектар, Тереңкөл ауданында — 3 583,00 гектар, Май ауданында — 1 530,00 гектар, Павлодар ауданында — 4 760,00 гектар және Шарбақты ауданында 3 931,00 гектар жерді өңдемек. Өңдеулерге 16 «UVO-D500» желдеткіш бүріккіштер («Бағжан» ЖК) және 8 «Факел» УМЖ («Агрозащита ПВ» ЖШС) қондырғылары тартылатын болады, — деді бөлім басшысы.

Сонымен қатар, Есентай Мүрсәлімов 2017 жылдан бастап облыста шегіртке зиянкестерімен, ауыл шаруашылығы дақылдарының басқа да аса қауіпті зиянды организмдерімен күресу бағытындағы іс-шараларды үйлестіру жөніндегі тұрақты штаб жұмыс істейтінін айтты. Оның сөзінше, штабта барлық жергілікті атқарушы органдар, облыстық төтенше жағдай департаментінің және өсімдіктерді қорғау жөніндегі аумақтық органдардың өкілдері жұмылдырылған.

 

А.МҰҚЫШЕВ.