Баянауыл ауданында қасиетті әрі көрікті жерлерді тазартуға арналған «Киелі мекен» апталығы жалғасуда. Бұл шара елімізде жаппай ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілгенін атап өткен жөн.

Аталмыш тазалық апталығы алдымен Сәтбаев ауылдық округіндегі Мұса Шорманұлының кесенесін, Торайғыр ауылындағы С.Торайғыров мұражайының маңын тазалаудан басталды. Сондай-ақ, бұл өңірдегі басқа да киелі жерлер абаттандырылып, арам шөптерді жұлу, әктеу, әрлеу, сырлау сынды түрлі деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, аудандағы барлық ауылдық округте сакралды орындарды абаттандыру, бұлақ көздерін ашу, тазарту шаралары қолға алынуда. Игі бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Н.АҚЫТЕГІ.