Черноярка орта мектебі оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында мектепте «Бүркіт» жобасы ұйымдастырылды.
Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Евгений Архиповтың айтуынша, мұндағы басты міндет – балалар мен жасөспірімдерді әскери-патриоттық тәрбиелеу, жасөспірімдер арасында спорттық жұмыстарды жандандыру және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
— Сабақтар бірнеше бөлімдер бойынша өткізіледі. Атап айтсақ, төтенше жағдай салдарына дайындық, автоматты бөлшектеу және құрастыру, пневматикалық мылтықтан ату, тактикалық дайындық және дене шынықтыру бөлімдерінен тұрады. Оқушылардың бойында адалдық, қарапайымдылық, ұйымшылдық, тәртіп-тілік, батылдық, алғырлық, жауаптылық, мейірімділік, жауапкершілік, еңбексүйгіштік сияқты маңызды адамгершілік қасиеттері сыналды. Мектептегі қоғамдық жұмыстар негізінен адамгершілік ұғымдары мен идеяларынан құралып, жоба оларды іс-әрекет пен мінез-құлықта бекітуге негіз болды. Бұл қасиеттер, әсіресе, қазіргі кезде жастар арасында ауадай қажет, — дейді Е.Архипов.
А.МҰҚЫШЕВ.