Ауданда балалардың жазғы демалысын мәнді ұйымдастыру мақсатында киіз үйлік лагерь жасақталды. Оқушылар мұнда қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін үйренеді.
Ұлдар ат мініп, серуендесе, қыздар кесте тігудің қыр-сырын меңгермек. Қыздарға сүттен жасалатын ұлттық тағам әзірлеуді үйретеді. Яғни, құрт, қоспа, талқанның құрамы, жасалу жолдары түсіндірілмек. Ұлдарға қамшы өру, ат әбзелдерін жасау, жылқы малына күтім жасаудың қыр-сырына қанық болады. Оған қоса, ата-әжелер де бала тәрбиесіне үлес қосып, демалушыларға ұлттық салт-дәстүрден дәріс бермек. Сонымен қатар, оқушылар аудандағы қасиетті мекендерді аралайды.
Г.ТҮГЕЛБАЙ.