Аудан орталығы – Тереңкөл ауылында бүгінде коммуналдық шаруашылыққа жауапты азаматтар күн сайын абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Көшелер мен саябақтарда, жағажайда шөптерді шауып, ауылдан шығаруда.

 

Тереңкөл ауылдық округінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және коммуналдық меншік жөніндегі бас маманы Дмитрий Шелягиннің мәлімдеуінше, көшелерді арамшөптен арылтқаннан кейін ауылдағы балалар алаңдарын сырлау жұмыстары басталады. Аудан орталығында балаларға арналған 5 ойын алаңы бар. Жағажайды да тұрғындардың серуендеуіне ыңғайлау үшін де мұнда абаттандыру жұмыстары қолға алыныпты. Көшелерді аралап, күл-қоқысты шығару да жүйелі іске асырылуда.

Маманның айтуынша, бүгін тазартқан орындарға ертеңінде тағы да бөтелкелер мен банкалар, түрлі қағаз қоқыстары толып қалады. Осы ретте, ауылдың тазалығына жауапты мамандар тұрғындардың айналасына ұқыппен қарап, қоқыстарды арнайы жәшіктерге тастауға шақырады.

 

Г.ТҮГЕЛБАЙ.