Ақтоғай ауылына қарасты Жоламан елді мекеніндегі балаларға арналған жазғы лагерь күрделі жөндеуден өтуде. Аталған жұмыстарды 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған.
Бүгінде жазғы лагерьдегі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еден төсеу, ғимаратты қаптау жұмыстары аяқталып, құбырлы құдық орнатылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, кір жуатын бөлме, ас үй және клуб жөндеуден өтеді. Бұл жұмыстарды алматылық және павлодарлық мердігерлер қолға алды. Одан бөлек, олар дератизация, дезинфекция және залалсыздандыру процедураларын жүргізуді, электр кедергісі мен найзағайларды өлшеуді, қосымша бақылау камераларын орнатуды көздеп отыр.
Айта кетейік, «Ақтоғай» лагерінде бір мезгілде 75 оқушы демала алады.
Өз тілшіміз.