Шарбақтыдағы «Ертіс орманы» резерваты аумағында өртке қарсы іс-шаралар үздіксіз жалғасуда. Мамандар тұрғындарға үндеу жасап, орманда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндіруде.
Резерват қызметкерлерінің айтуынша, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған адамдар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылады. Яғни, мұндай азаматтарға 100 және одан жоғары айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынады. Сондықтан табиғат аясында демалушылар абай болғаны жөн, дейді шарбақтылық мамандар. Сонымен қатар, орман өрті тұтанғанын көрген тұрғындар төтенше жағдай қызметкерлеріне немесе 101 нөміріне дереу хабар беруі тиіс.
Айта кетерлігі, орман-тоғайда сөнбеген темекі қалдықтарын, сіріңке тастауға және шыны заттарды қалдыруға қатаң тыйым салынған.
Н.АҚЫТЕГІ.