Жуырда аудан әкімі Нұрболат Мақашевтің Лозов, Ровнополь, Қоңырөзек ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында округ әкімінің есебі тыңдалып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.
Жиын барысында Нұрболат Мақашев аудан көлемінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайында баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті. Естеріңізге сала кетейік, аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі барлық елді мекенде кестеге сәйкес өткізілуде.
— Кездесу барысында ауыл тұрғындарымен білім беру және денсаулық сақтау нысандарын жөндеу және салу, ауылішілік жолдарды жөндеу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, жеке қабылдауға округ тұрғындары жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық сала, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша жүгінді. Өтініш берушілерге толық түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Заңнамаға сәйкес тиісті шешімдер қабылданатын болады. Кездесуде айтылған барлық мәселелер бақылауға алынып, ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді, — деді аудан әкімі.
А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.